Флора

 

Ұлттық парктің аумағында Е.А. Бөкетов атындағы ҚарМУ биология факультетінің мамандарымен және  «Бұйратау» ұлттық паркінің ғылым бөлімінің мамандарымен бірлесіп екі тақырып бойынша ғылыми зерттеулер жүргізілген: ««Бұйратау» МҰТП флорасының эндемикалық өсімдіктер популяциясының құрылымы мен жағдайын бағалау» және ««Бұйратау» МҰТП дәрілік өсімдіктер түрлерінің популяциясының қазіргі жағдайы мен түр құрамын бағалау».

Зерттеулер «Бұйратау» МҰТП өсімдіктерінің эндемиялық және дәрілік түрлерінің популяциясының қазіргі жағдайын бағалау, флористикалық құрамын сипаттау және «Табиғат жылнамасының» бағдарламасы бойынша мониторингтік бақылау жүргізу мақсатында жүргізіледі.

Эндемиялық өсімдіктердің жалпы құрамы 3 тұқымдастықтан, 4 тұқым мен 7 түрден тұрады (қызыл қайың,  қырғыз түймебас, жалаң жебір, қасқа алатұқым, тілулі түймебас, ұсақ жемісті сүттіген).

Тамырлы өсімдіктер флорасының түрлік құрамын зерттеу нәтижелері «Бұйратау» МҰТП-нің «Белодымовский» филиалының аумағында 165 тұқымдасқа жататын дәрілік өсімдіктердің 265 түрі өсетінін көрсетті.

2012-2018 жылдардағы дала зерттеулерінің қорытындысы бойынша, бүгінгі таңда 277 тұқымға және 73 тұқымдастыққа жататын тамырлы өсімдіктердің 504 түрі бар. Түрлер келесі бөлімдердің құрамына кіреді: Қырықбуын тектестер бөлімі – 4 түр; Қырыққұлақтар бөлімі - 5 түр; Жалаңаштұқымды бөлім - 3 түр; жабық тұқымдылар бөлімі - 492 түр.

 

 

«Бұйратау» МҰТП флорасының таксономиялық құрамы

 

 

Бөлім

Түрлердің саны, дана

1

Қырықбуындар

4

2

Қырыққұлақтар

5

3

Жалаңаштұқымды

3

4

Жабықтұқымды

492

 

Барлығы

504

 

 

 

 

ПарктіңҚызыл кітабына енгізілген өсімдіктердің тізімі келесі түрлермен ұсынылады: жабысқақ қандагаш, қызыл қайың, ашық кестежусан, ақ ұлпа жанаргүлі, волжск жанаргүлі, бүгілінген қызғалдақ, кәдімгі қарғакөз және қауырсын қау (8 түр).

Болашақ зерттеулердің жақын болашақтағы міндеттері мен мақсаттары:

  • «Бұйратау» МҰТП эндемиялық өсімдіктер популяциясының қазіргі жағдайын бағалау.
  • Өсімдіктердің эндемиялық түрлерінің қатысуымен ценопопуляцияларды анықтау және картаға түсіру.
  • Флористикалық құрамның сипаттамасы.
  • Табиғи өсу орындарында өсімдіктердің эндемиялық түрлерінің онтогенезін және т.б. анықтау.

Эндемдердің жалпы түрлік құрамы шағын, түрлердің жалпы санының 1,4% - ын, тұқымдардың жалпы санының 2,2% - ын және тұқымдастықтың 6,8% - ын құрайды.

Эндемиялық өсімдіктер бойынша қызыл қайың,  қырғыз түймебас, жалаң жебір, қасқа алатұқым, тілулі түймебас,  бұдырлы сілет және ұсақ жемісті сүттіген популяцияларының жағдайына талдау жүргізілген. Атап айтқанда, олардың қатысуымен қоғамдастықтар сипатталған, популяциялардың түрлік құрамы, қабаттылығы, шөптер мен жекелеген түрлердің жалпы проекциялық жамылғысы, өміршеңдігі, қоғамдастыққа қатысу дәрежесі (доминант, содоминант, компонент), жас топтарының арақатынасы анықталған.

Төменде, «Бұйратау» МҰТП-нің аумағындағы түрлердің жағдайының сипаттамасы келтірілген:

1) Betula kirghisorum Sav.-Rycz - қызыл қайың. Ағаш, ылғалсүйгіш өсімдік. Гүлденуі - сәуір айының басында және ортасында, жеміс беруі - шілде айынан тамыз айына дейін. Мекендейтін жері: шоқ жапырақты ормандарда, бұлақтардың жағалауларында өседі. Қараағаш шатқалында айтарлықтай өсімі байқалған.

Түр әртүрлі шөпті қайын-көктеректі қоғамдастықтың құрамында өседі, сор1 және 5 бал өміршеңдігі бар доминант болып табылады. Көбінесе тұқымдық жолмен көбейеді. Өсімдіктің биіктігі 20-25 м дейін жетеді. Түрдің жағдайы – қанағаттанарлық.

2) Phalacrachema calva (Lebed.) lljin - қасқа алатұқым. Көпжылдық. Мезоксерофит. Гүлденуі мен жеміс беруі – маусым-тамыз айында. Мекендейтін жері: тасты және шақпатасты қорымдар, анда-санда жол бойында өседі.

Парк аумағында «Ерейментау» филиалының маңайындағы тас жолдарында, сондай-ақ, «Белодымовский» филиалының дала жолдарының бойында белгіленген. Тамыр арқылы вегетативті жолмен көбеюде.

Әртүрлі шөпті-дәнді қоғамдастықтардың құрамында кездеседі,  sp және  4-5 баллды өмірлік қоғамдастықтың құрамдасы болып табылады. Түрдің жалпы жағдайы қанағаттанарлық, жас даралардың басымдылығы байқалады, бұл популяцияның кеңеюін көрсетеді.

3) Thymus rasitatus Klok. - жалаң жебір. Жартылай бұташық. Ксерофит, петрофит. Мекендейтін жері: тас беткейлері мен жартас жарықтары бойынша өседі. Көпжылдық. Парк аумағында «Ерейментау» филиалының маңайындағы Сұңқарлар тауларында белгіленген. Жібер әртүрлі шөпті-петрофитті қоғамдастықтың құрамында өседі, онда доминант болып табылады,  сирек содоминант сор1 және 3-4 балл өміршеңдігі бар.

Түр маусым айынан тамыз айына дейін гүлдейді, маусым айының соңынан қыркүйек айының ортасына дейін жеміс береді. Тұқымдық жолмен көбейеді. Табиғаттағы биіктігі 12-15 см дейін. Жалаң жебірдің жағдайы - қанағаттанарлық.

4) Trinia muricata Godet. - бұдырлы сілет.  Мамыр айының соңында-маусым айының басында гүлдейді, шілде айынан тамыз айына дейін жеміс береді. Мекендейтін жері:  дала, тасты шалғын баурайларда, бұталық тоғайларда өседі.

Парк аумағындағы  «Белодымовский» филиалының маңында белгіленген. Түр тұқымдық жолмен көбейеді. Sol және өміршеңдігі 3-4 балл болатын әртүрлі шөпті-дәнді қоғамдастықтардың құрамында кездеседі. Түрдің жағдайы толығымен бағаланбаған, одан әрі зерттеуді талап етеді.

5) Serratula dissecta Ledeb. - тілулі түймебас. Мезоксерофит, шөпті көпжылдық. Сәуір айының ортасынан мамыр айының ортасына дейін гүлдейді, маусым айында жеміс береді. Мекендейтін жері: дала мен бұталы қоғамдастықтарда өседі.

Парпк аумағында «Белодымовский» филиалының Ажбай және Бозайғыр көлдерінің маңында көрініс алады.

Тілулі түймебас әртүрлі шөпті дәнді-түймебас қоғамдастықтардың құрамында, сор-sp  және өміршеңдігі 3-4 балл болатын доминант немесе компонент ретінде кездеседі. Вегетативтік және тұқымдық жолмен көбейеді. Парк аумағындағы жағдайы - жақсы.

6) Serratula kirghisorum Iljin – қызыл қайын. Шөпті көпжылдық өсімдік, ксеромезофит. Дала шалғындарда, биік төбе баурайларда, шоқыаралық төменділерде өседі.

Түр МҰТП-нің «Белодымовский» филиалының биік төбе баурайында белгіленген. Мамыр айында молынан гүлденіп, маусым айында жеміс береді. Табиғатта 20 см дейін биіктікке жетеді, популяцияның жағдайы - жақсы.

Әртүрлі шөпті дәнді-бұта қоғамдастықтарының құрамында өседі, sol-sp және 4 баллдық көп компоненті болып табылады.

7) Eurhorbia microcarpa Prokh. - ұсақ жемісті сүттіген. Көпжылдық. Ксерофит. Маусым-шілде айларында гүлденеді, маусымда жеміс береді. Мекендейтін жері: құрғақ шалғында, өзен аңғарында өседі.

Түр парктің аумағындағы  «Белодымовский» филиалының өңірінде белгіленген.

Бұл түр әртүрлі шөпті-сүттіген тоғайлардың шағын учаскелерін құрайды, sp және 4-5 баллмен содоминант ретінде әрекет етеді. Тұқымдық және вегетативтік жолмен көбейеді. Жағдайы - қанағаттанарлық.

Осылайша, «Бұйратау» МҰТП-нің аумағында өсімдіктердің эндемиялық және дәрілік түрлерінің түрлік құрамы анықталып және әлі де анықталынатын болады, олардың табиғаттағы жалпы жағдайы бағаланады.