Жаңалықтар

2024 жылғы 24 қаңтарда «Бұйратау» МҰТП» РММ «Ерейментау» филиалының мемлекеттік инспекторлары және туризм, экологиялық ағарту және ғылыми бөлімінің гид-экскурсия жетекшілері «Қыстайтын құстар күні»...

Маңызды ақпарат!

«Бұйратау» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі» республикалық мемлекеттік мекемесінің Әнұранының мәтіні мен

музыкасын жазуға конкурс өткізу туралы

ереже

 

  1. I. Жалпы ережелер

 

1.1.         Осы Ереже "Бұйратау" мемлекеттік ұлттық табиғи паркі"  республикалық мемлекеттік мекемесінің (бұдан әрі «Мекеме») Әнұранының мәтіні мен музыкасын жазуға арналған конкурстың міндеттерін, конкурстық талаптарын және оны өткізудің тәртібін, сондай-ақ конкурсқа қатысушылардың мәртебесін, конкурсқа ұсынылған әннің мәтіндері мен нұсқаларын бағалау критерийлерін, жеңімпаздарды анықтау және марапаттау тәртібін айқындайды.

1.2.         Конкурстың ұйымдастырушысы мекеме әкімшілігі болып табылады.

 

  1. II. Конкурстың мақсаты мен міндеттері

 

2.1.         Конкурс қоғамдық маңызы бар мүдделерді бейнелейтін "Бұйратау" мемлекеттік ұлттық табиғи паркі" республикалық мемлекеттік мекемесінің ресми әнұранын жасау мақсатында өткізіледі, сондай-ақ ұжым қызметкерлерінің ойлары мен сезімдерін бейнелейді.

2.2.         Конкурстың мақсаты патриоттық сезімді нығайту, корпоративтік рухты құру бойынша жұмыстарды жүргізу болып табылады.

2.3.         Белсенді азаматтық ұстанымды, Отанға және табиғатқа деген сүйіспеншілікті қалыптастыру.

 

  1. III. Конкурстың  қатысушылары

 

3.1.         Конкурс барлығына ашық және қолжетімді болып табылады.

 

  1. IV. Конкурсты өткізу мерзімі

 

Конкурс 2020 жылдың 01 маусым айынан бастап 31 тамыз айына дейін өткізіледі.

 

  1. V. Конкурстық жұмыстарға қойылатын талаптар

 

5.1 Әнұран іс-шараларда жеке немесе ұжымдық орындауға арналған ұзақтығы 5 минутқа дейінгі музыкалық шығарма болуы тиіс.

5.2. Конкурсқа қатысуға Әнұран мәтінінің біртума нұсқалары қабылданады.

5.3. Әнұранның мәтіні мемлекеттік және орыс тілінде жазылуы тиіс және құқық, мораль және адамгершілік нормаларына сәйкес келуі тиіс.

5.4. Нормативтік емес лексикасы бар және осы Ережемен бекітілген талаптарға сай келмейтін Әнұранның мәтіндері конкурсқа қатысуға жіберілмейді.

5.5. Конкурстық жұмыстар қағаз тасығышта басылған Әнұранның мәтіндік нұсқасын міндетті түрде қоса бере отырып  CD-тасығышта, сондай-ақ музыкасыз немесе музыкамен (ноталармен) жай ғана поэтикалық мәтін ретінде ұсынылуы мүмкін.

 

  1. VI. Конкурстың ұйымдастыру комитеті мен қазылар алқасы

 

6.1. Конкурсқа ұсынылған үздік жұмыстарды анықтау үшін конкурстың ұйымдастыру комитеті мен қазылар алқасы құрылады.

6.2. Ұйымдастыру комитетінің функционалдық міндеттері:

- конкурс туралы ақпаратты бұқаралық ақпарат құралдары арқылы дайындау және тарату;

- конкурсқа қатысуға өтінімдерді қабылдауды жүзеге асыру;

- конкурстың қазылар алқасының жұмысын ұйымдастыру.

6.3 Конкурстың қазылар алқасының функционалдық міндеттері:

- конкурсқа қатысуға өтінімдерді қарау;

- үміткерлерді конкурсқа қатысуға жіберу туралы шешім қабылдау;

- конкурсқа ұсынылған жұмыстарды бағалауды жүзеге асырады;

- конкурстың үздік жұмыстарын анықтайды.

 

  1. VII. Ұсынылған жұмыстарды бағалау критерийлері

 

7.1.Әнұранның үздік нұсқасын анықтау кезінде қазылар алқасы келесі критерийлерді басшылыққа алады:

- мәтін мазмұнының Конкурс шарттарына сәйкестігі;

- шығарманың көркемдік деңгейі;

- мекеме ұжымының барлық қызметкерлерінің қоғамдық маңызды мүдделерін, сондай-ақ ойлары мен сезімдерін көрсету дәрежесі.

 

  1. VIII.    Конкурсқа қатысу тәртібі

 

8.1. Конкурсқа жұмыстарды тапсыру мерзімі – 2020 жылдың 31 тамыз айына дейін.

8.2. Конкурстық жұмыстар мекеме әкімшілігіне ұсынылады.

8.3. Осы Ереженің V бөлімінде көрсетілген талаптарға сәйкес келмейтін конкурстық жұмыстар  конкурсқа қатысуға жіберілмейді.

8.4. Конкурсқа жіберілген материалдар рецензияланбайды және қайтарылмайды.

8.5. Конкурстық жұмыстардың жеткілікті саны болмаған жағдайда Конкурстың ұйымдастырушысы конкурсқа өтінімдерді қабылдау мерзімін ұзарту құқығын өзіне қалдырады.

 

IX. Жеңімпаздарды анықтау және марапаттау

 

9.1. Конкурстың қазылар алқасы ең үздік шығарманы 2020 жылдың 10 қыркүйек айына дейінгі мерзімде анықтайды. Ең көп дауыс жинаған шығарма мекеменің ресми әнұраны ретінде бекітіледі.

9.2. Конкурс жеңімпазы дипломмен және ақшалай жүлдемен марапатталады.

 

X. Әнұран мекеме рәмізінің ажырамас бөлігі болып табылады, оның авторлары көрсетіле отырып, мекеменің рекреациясында   көзге түсетін жерде, мекеменің сайтында орналастырылады. Әнұран салтанатты іс-шараларда орындау үшін міндетті болып табылады. Әнұранды орындау кезінде мекеме қызметкерлеріне құрмет көрсетіп, орнынан тұру қажет.

 

XІ. Авторлық құқықты қорғау. 

11.1. Конкурсқа әнұранның нұсқасын ұсына отырып, әрбір авторлық ұжым осы жұмыстың нақты авторы болып табылатынына кепілдік береді.

11.2. Конкурсқа қатыса отырып, әрбір авторлық ұжым жеңіс жағдайында өз туындысын пайдалану құқығын Мекемеге өтеусіз беретініне кепілдік береді.

11.3. Мекеме пайдалануға құқық иесі ретінде, әуен мен мәтін авторларының атын авторлар анықтайтын нысанда көрсету шартымен әнұранның мәтіні мен әуендерін (жеке де, бірге де) өтеусіз   пайдалануға рұқсат береді.