Жаушоқы-2

 

1. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтың атауы: «Бұйратау» МҰТП

2. Маршрут атауы: «Жаушоқы -2».

3. Маршруттың жіктемесі:

     1) қозғалыс жасау түрі бойынша: автокөлік;

     2) қолданыс уақыты бойынша:маусымдық;

     3) ұйымдастыру нысаны бойынша: жеке және топтық.

4. Негізгі географиялық пункттер атауы: Балықты ауылы - Жаушоқы тауы-  Қарағайлы  ауылы - Қос батыр археологиялық ескерткіші.

5.  Ұзындығы: бас аяғы - 40 км;аялдаманы ескере отырып, уақыт ұзақтығы – 4 сағат 10 минут.

6. Маршруттың жұмыс істеу мерзімі:  мамыр-қазан.

7. Топтағы адамдардың ең көп саны:  7-9 адам (объектілерді көру барысында қауіпсіздікті сақтау үшін психологиялық жағдай туғызу). Экскурсиялық топтардың бір апталық  лимиті - 7-14 топтан көп емес,  күніне 1-2 топ.

8. Экскурсиялық маусым ішіндегі әр түрлі кезендер бойынша жол берілетін реакреациялық жүктемелер: күніне 16-18 адам. Экскурсиялық мерзім ішінде өрт қауіпсіздігі бойынша шектеу бар.

9. Маршрут арқылы экскурсия ұйымдастырушысыз жүріп өту мүмкіндігі: гид-экскурсия жұргізушісінің жол көрсетуінсіз жүріп өтуге рұқсат етілмейді.

Маршрут таңбаламасы: маршрут бойымен өтетін жолдар шетінде қозғалыс бағытын көрсетуші белгілер қойылған, туристік маршруттың басында аншлаг орналастырылған, онда маршрут сызба-нұсқасы, оның ұзақтылығы көрсетілген.

Киімге талап: киімді ауа-райына байланысты таңдайды, Кешке қарай қалың киіну қажет, ыстық кезде –  киім жеңіл,бірақ  дене ашық болмауы керек,  аяқ-киім жеңіл, әрі ыңғайлы және табаны тайғанамайтын болуы керек.

10. Маршрутта жүріп-тұрудың ерекше ережелері: маршруттаншығып кетпеу, тарихи ескерткіштерді қолмен ұстамау және тәртіп ережелерін сақтау талап етіледі.

11. Қауіпсіздік шаралары: дымқыл, желді және найзағайлы жағдайда туристік маршрутта жүруге, маршрут кезінде шылым шегуге, спиртті ішімдік ішуге тиым салынады

12. Маршруттың қысқаша сипаттамасы.

Маршрут «Бұйратау» МҰТП Ерейментау филиалы арқылы Торғай ауылшаруашылық округі бойынша қорғау аймағынан өтеді.  Туристiк маршруттың қозғалысы тарамдалған. Туристік маршрут қозғалысы Балықты селолық округіндегі 

қара жолмен және қатты жабынды жолмен (грейдер)  басталып оңтүстік-батыс бағытында Сұңқар тауы арқылы Жаушоқыға барып тіреледі.

Маршрут кезінде туристер республикалық маңызы бар Астана-Павлодар жол торабы бойынан 12 км қашықтықта  орналасқан Балықты ауылынан  өтеді. Ауылда 20 жанұя тұрады. 9 сыныпты мектеп, медициналық пункт, мәдениет үйі және дүкен бар.  

Турмаршрут экожүйесі: орманды-далалы (орманмен қатар жазықтар, бұталар кездеседі) аралас тоғайлар, даламен және бұталармен араласып жатыр. Маршрут бағытында суырды кездестіруге болады.

Балықты ауылынан оңтүстік-батыс бағытта (2,5 км қашықтықта) сулы бөгет,  ал оңтүстік бағытында Балықты ауылынан 4,5 км қашықтықта Балықты көлі орналасқан. 

Жергілікті тұрғындар жазғы уақытта бұл көлде балық аулайды әрі шомылады. Көлде табан, алабұға, шортан кездеседі.

Ерейментау ауданында көпке танымал Қарағайлы таулары немесе Жаушоқы таулары  бар. Бұл 1968 жылдан бастап ерекше қорғалатын аумаққа алынған таулы аймақ.

Жаушоқы Балықты ауылының батысына қарай 5 км қашықтықта орналасқан. Ұзақ уақыт осы аймақты мекен еткен тұрғындардың айтуы бойынша бұл тауда ерте кезде жыртқыш құстар-бүркіттер ұя салған. Тау биіктігі теңіз деңгейінен 450 м, бұл биіктіктен Тимофеевка, Новомарковка, Қарағайлы, Торғай, Балықты елді мекендерін және Ерейментау теледидар бағанын көруге болады.

Жаушоқы тауы қою талшын түстес топырақты, желқабаз құрғақ аймақта орналасқан. Бірақ аласа таулы сілемдерде тік белдеуліктер айқындалып, дымқыл қара топырақта бозды-бетегелі далалар кездеседі. Рельефтің негізгі түрлері аласа таулар (жартасты-белесті), биік (жоталы-жартасты) және аласа таулы (жартасты-белесті) ұсақ шоқылар және әр түрлі тау аралық, беларалық жазықтар кезігеді.

Бедерге тән қасиет - уақытша су ағындарының,  көлемі кіші өзектердiң және көл катловандарының болуы. Түрлi табиғи факторлардың әсерiнен (температураның ауытқуы, жел, жауын және тағы басқалар) ерекше ертегi кейіпкерлерінің бейнелеріне ұқсағандары тартымды әсер қалдырады. Бiр тау беті қатал жауынгердiң бет-әлпеті, екіншісі - үлкен саңырауқұлақ, үшiншiсі - таңғажайып жануар мүсіндес.

Бұл жер экологиялық туризмді дамытуға өте ыңғайлы. Аумақтың ауқымдылығы, тұрғындардың аз орналасуы Ерейментау тау аймағына залалы тимес ұтымды жүктеме қоюға, сонымен бiрге альпинизм жаттығуларына өте ыңғайлы.  Ауданның жануарлар әлемі әр алуан. Тау шыңдарын бұрыннан бері бүркіт, сұңқар жайлаған, саралақаздар, тырналар, щуркалар мекендейді. Елік, қоян, түлкі, хорьді кездестіруге болады, жазықтар мен тау қуыстарында жыртқыш аң - қасқырды кезіктіруге болады, сұр және ақ құр да осы аймақты мекендейді.

Жобалық аумақта Жаушоқы тауына ұқсас Орташоқы, Ершоқы және Ақшоқы тау сілемдері бар.

Осы бағыттан ауытқымай қола дәуірінің ескерткіштері және қорғандар сілемін құрайтын жазыққа баруға болады. Жаушоқы тауынан тас жолмен солтүстікке қарай (12 км) түркі дәуірінің археологиялық мәдени ескерткіші Қос батыр орналасқан.

Классикалық түрік мәдениеті ескерткіші Қазақстанның басқа да аудандарында орналасқан, Орталық Азияның түркі тайпалары мәдениетіне тән ескерткіш Қазақстан астанасы маңында сақталып қалғаны ерекше жәйт. Балықты ауылына туристердің келуі сол сызба бойынша қайталанады.  

13. Маршрут бойындағы және тамашалау (шолу) алаңдарындағы қарап-көру объектілерінің қысқаша сипаттамасы:

Объектідегі негізгі көрініс алаңдары: Жаушоқы елді мекені - Жаушоқы тауы - Қарағайлы ауылы - Қос батыр түркі ескерткіші.

14. Маршруттың күрделі учаскелерінің қысқаша сипаттамасы: барлық маршрут бойынша қара жол, жаңбырлы, қарлы кезде жүру, сондай-ақ «Жаушоқыға» көтерілу және түсу қиындық туғызуы мүмкін.

15. Ықтимал дүлей құбылыстар мен олар орын алған кезде топтың iс-қимылы: Апат құбылыстар – дауылды жел, найзағай, орман және дала өрттері.

Турға шығар алдында жергілікті метеоқызмет мәліметтерін ескеру қажет, дауылды жел немесе найзағай болжамдалса, турды тоқтата тұру қажет. Жаңбырдан қорған ретінде  плащ-жамылғы алынып, жаңбыр жауса орман ішінде тұрақтау ұсынылады, ал найзағай ойнаса қандағаштар жанында тұруға немесе жазық алаңға шығуға болмайды.

Өрт шыққан кезде шапшаң болжам жасап, өрт бағытын анықтап алу қажет. Туристерге тиер зардабы болған жағдайда тез уақытта қауіпсіз орынға ауысып, өрт жайында мәліметті ұлттық парк орманды қорғау бөліміне немесе 101 телефон нөміріне хабарлау қажет.