Жаңалықтар

2024 жылғы 24 қаңтарда «Бұйратау» МҰТП» РММ «Ерейментау» филиалының мемлекеттік инспекторлары және туризм, экологиялық ағарту және ғылыми бөлімінің гид-экскурсия жетекшілері «Қыстайтын құстар күні»...

«Бұйратау» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің әнұранын бекіту туралы.

Әнұран мекеме рәмізінің ажырамас бөлігі болып табылады, оның авторын (авторларын) көрсете отырып, мекеменің көрнекті жеріне орналастырылады. Әнұранды салтанатты іс-шараларда орындау міндет болып табылады. Әнұранды орындау кезінде мекеме қызметкерлеріне құрмет көрсету үшін тұру қажет!
2020 жылғы 2 маусым айындағы «Бұйратау» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі» республикалық мемлекеттік мекемесінің Әнұраны туралы» конкурсы бойынша қорытынды шығарылды.
2020 жылдың 21 желтоқсан айында өткен кеңесте барлық қазылар алқасының бірауыздан қабылдаған шешімі бойынша конкурс жеңімпазы – Ерейментау ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы - Сайлау Қабыкенұлы Жылқыбаев таңдалды.
Әнұранның музыкасы салтанатты, қуатты және жайбарақат естіледі, марш секілді патриоттық сезімге оятады. Әнұранның сөздері музыкамен тығыз байланысты, туған жерге деген ең жылы сезімдерді жеткізеді, адамдарды туған жерін қорғауға, оның сұлулығынан ләззат алуға және таңдануға шақырады.