Тур бағыттар

Осы кезеңде парк ҚР ЭГТРМ орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің 15.12.2022 ж. № 27-5/329-НҚ бұйрығымен төрт туристік маршрут бағыты әзірленді және бекітілді – «Тоғыз шошақ», «Карағайлы», «Жүз бұлақ өлкесі», «Белодымовский».

«Тоғыз шошақ», «Карағайлы»  бағыттары «Сұнқар таулары»  жерінде қызмет көрсетуде, ат бағыты «Жүз бұлақ өлкесі»  Ерейментау ауданы, Ақмола облысы Алғабас ауылының"Ерейментау" филиалында орналасқан». «Белодымовский» бағыты Қарағанды облысында, Осакаров ауданында "Белодымовский" филиалында орналасқан».     

      Бүгінгі таңда МҰТП туристік және экскурсиялық трассаларының және оның күзет аймағының жалпы ұзындығы 86.23 шақырым құрайды.

Туристік-экскурсиялық, ғылыми-танымдық және оқу-ағарту маршруттары, орын ауыстыру түрі бойынша біріктірілген болып табылады. Экскурсиялар жазғы кезеңде топтық және жеке түрде өтеді. Оларды жайластыру бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Паркқа келушілерді жалпы негіздерде қабылдаймыз, олар үшін салық органы белгілеген 1 күн болу үшін ерекше қорғалатын табиғи аумақты пайдаланғаны үшін 0,1 АЕК мөлшерінде ақы алады, бұл міндетті болып табылады.

 

 

Туристік-рекреациялық қызметті ұйымдастыру, "Бұйратау" ұлттық табиғи паркінің аумағындағы Туристік маршруттар мен мәдени - табиғи объектілерге бару мәселелері бойынша туризм, экологиялық ағарту және ғылым бөліміне хабарласыңыз.

Біздің мекен-жайымыз:

Қазақстан Республикасы

101012, Қарағанды облысы,

Осакаров ауданы, Молодежный кенті, Абай көшесі 13.

Тел: 8 (72148) 21-8-01-туризм, экологиялық білім және ғылым бөлімі

         8 (72148)21-5-79 –қабылдау бөлмесі