Жаңалықтар

23.03.2023
 Көктем мен жаңарудың тамаша мерекесі-Наурыз мерекесімен шын жүректен құттықтауларыңызды қабыл алыңыз! "Наурыз мейрамының" тарихы терең тамыры бар және әрқашан Қазақстанның көпұлтты халқының бірлігінің, ынтымақтастығының, достығының, жасампаздығы мен келісімінің символы болған. Осы мерекемен біздің ата-бабаларымыз өздерінің жетістіктерін өлшеп, болашаққа жоспарларын...

«Бұйратау» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің әнұранын бекіту туралы.

Әнұран мекеме рәмізінің ажырамас бөлігі болып табылады, оның авторын (авторларын) көрсете отырып, мекеменің көрнекті жеріне орналастырылады. Әнұранды салтанатты іс-шараларда орындау міндет болып табылады. Әнұранды орындау кезінде мекеме қызметкерлеріне құрмет көрсету үшін тұру қажет!
2020 жылғы 2 маусым айындағы «Бұйратау» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі» республикалық мемлекеттік мекемесінің Әнұраны туралы» конкурсы бойынша қорытынды шығарылды.
2020 жылдың 21 желтоқсан айында өткен кеңесте барлық қазылар алқасының бірауыздан қабылдаған шешімі бойынша конкурс жеңімпазы – Ерейментау ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы - Сайлау Қабыкенұлы Жылқыбаев таңдалды.
Әнұранның музыкасы салтанатты, қуатты және жайбарақат естіледі, марш секілді патриоттық сезімге оятады. Әнұранның сөздері музыкамен тығыз байланысты, туған жерге деген ең жылы сезімдерді жеткізеді, адамдарды туған жерін қорғауға, оның сұлулығынан ләззат алуға және таңдануға шақырады.