Жаңалықтар

2024 жылғы 24 қаңтарда «Бұйратау» МҰТП» РММ «Ерейментау» филиалының мемлекеттік инспекторлары және туризм, экологиялық ағарту және ғылыми бөлімінің гид-экскурсия жетекшілері «Қыстайтын құстар күні»...

«Бұйратау» ұлттық паркі аумағында «Төлемақы алу туралы» хабарландыру

Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 2017 жылғы 25 желтоқсандағы № 120 VI–VI «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (ҚР 21.12.2022 ж. № 165-VII Заңына енгізулермен, өзгерістермен (01.01.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі) 69 Тарауы, 7 параграфы, 591 бабына және Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 07 шілдедегі №175-ІІІЗРК «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы» Заңының (02.01.2023 жылғы жағдай бойынша өзгерістермен және толықтырулармен) 38 бабына сәйкес:
1. Республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды пайдаланудың барлық түрлері (ғылыми, экологиялық-ағарту, мәдени-ағарту, оқу, туристік, рекреациялық және шектеулі шаруашылық мақсаттарда) бойынша жыл бойы төлемақы алу жүзеге асырылады:

  • жаяу жүргіншіден - 0,1 АЕК; (369,2 теңге)
  • мотоциклдер, мопедтер, квадроциклдер – 0,2 АЕК; (738,4 теңге)
  • жеңіл автомобильдер - 0,3 АЕК; (1107,6 теңге)
  • 16 орынға дейінгі шағын автобустар және жүк автомобильдері - 1,0 АЕК; (3692 теңге)
  • 32 орынға дейінгі автобустар – 2,0 АЕК; (7384 теңге)
  • 32 орыннан жоғары автобустар - 3,0 АЕК, (11076 теңге),

республикалық бюджет туралы заңда белгiленген және тиiстi қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болатын ерекше қорғалатын табиғи аумақта болған әрбiр күн үшiн ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды пайдалану қажеттiлiгi туындайды.

2. «Бұйратау» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі» республикалық мемлекеттік мекемесі жеке және заңды тұлғаларға көрсететін қызметтері үшін қоса беріліп отырған тарифтерге сәйкес төлемақы алуды жүзеге асырады.