Жаңалықтар

21.06.2024
 Құрметті «Бұйратау» МҰТП» РММ-нің келуші туристері Сіздерге ұлттық парк  аумақтарына кіру билеттерін онлайн режимде  Kaspi.kz қосымшасы арқылы сатып алу мүмкіндігі қарастырылған және бақылау өткізу...

«Қыстайтын құстар күні»

2024 жылғы 24 қаңтарда «Бұйратау» МҰТП» РММ «Ерейментау» филиалының мемлекеттік инспекторлары және туризм, экологиялық ағарту және ғылыми бөлімінің гид-экскурсия жетекшілері «Қыстайтын құстар күні» тақырыбында экологиялық акция өткізді. Акция үшін мемлекеттік инспекторлар жем салатын астаулар жасады. Ерейментау қаласының «Насыр Смагулов атындағы мектеп-лицейі» КММ оқушыларымен бірге көпқабатты үйлердің жанында, паркте және мектептердің жанында құстарға арналған астаулар ілінді. Қатысушылар саны 30 адам.